«500 адамды Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция іздестіріп жатыр»: Ресми өкіл түсінік берді

/image/2020/03/14/crop-27_0_532x709_200314011156721e.jpg

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат дерегіне сүйене отырып хабарлайды. 

Аталған ақпаратқа орай түсінік берген Алматы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтуынша, медициналық бақылауға  тек 488 адам алынуы тиіс.

«488 адам – бұлар санаттар бойынша медициналық бақылауға алынуы тиіс тұлғалар. Олардың барлығы коронавирусты жұқтырғандармен немесе күдік келтірілгендермен қарым-қатынаста болды дегенді білдірмейді. Аталған тұлғалар науқастармен байланыста болмаған және оқшаулауға жатпайды. Дегенмен де, оларды іздестіру және медициналық бақылауға алу шаралары жалғастырылуда», - дейді Айзат Молдағасымова.

Ресми өкіл сонымен бірге коронавирусты жұқтырғандармен байланыста болған тұлғалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да тоқталып өткен.

«Коронавирус инфекциясы оң нәтиже берген Германия азаматымен барлығы 68 адам келген. Оларды инфекциялық стационарға оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді. Оның бірі Италияның Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға ұшып келген азаматтан анықталса, келесі үш адам Германиядан Алматыға әуе қатынасымен келген. Қазіргі таңда барлығы ауруханаға жатқызылды.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар