15 Наурыз, 2020 Аймақтар
Фото: azattyq-ruhy.kz
Алматы облысы Қапшағай қаласында орналасқан металл қабылдау орнында жарылыс болып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде тез тараған видеодан ер адамның қолындағы белгісіз заттың жарылып, қолын жұлып кеткенін көруге болады.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиға тексеріліп жатқанын хабарлап отыр.
Әзірге адам өміріне қауіп төндіретін мұндай жарылғыш заттың қарапайым металл қабылдау орнына қалай барғаны белгісіз.
Ал желі қолданушылары оның әскери снаряд болу мүмкіндігі жоғары екенін айтуда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір