Тоқаев Қазақстанда бір айлық төтенше жағдай жариялады

/image/2020/03/09/crop-10_1_273x485_crop-32_123_1450x2578_025fefece5742a34d4c1f31795de51bd.jpg

Бүгін, 15 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты ел аумағаныда төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Ақорда таратқан Тоқаевтың жарлығында төтенше жағдай 16 наурыз сағат таңғы 8.00-ден басталып 15 сәуірге дейін жалғасатыны жазылған. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында  2020  жылғы  16  наурыздағы   08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін" делінген президент жарлығында. 

Жарлыққа сәйкес, ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне, сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтатылмақ. Бұған қоса, ойын-сауық,  спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ  отбасылық,  салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. Қазақстан аумағына көліктің барлық түрімен кіріп-шығуға шектеулер белгіленді. (Қазақстан мен өзге мемлекеттің дипломатиялық қызмет өкілдері, халықаралық делегаттарға бұл шектеудің қатысы жоқ).

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дергінше, ел аумағында 8 адамнан коронавирус табылған. 

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар