• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:11:30
Алматы
+35°

Алматыда коронавирус жұқтырған әйел адам өзімен байланыста болған адамдар туралы мәлімет беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық полция департаменті хабарлады. 

"Алматы қалалық полиция департаменті коронавирус жұқтырған азамат Б-ның санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп, вирусқа шалдыққаннан кейін өзімен байланыста болған азаматтардың мәліметтерін беруден қасақана бас тартқанын хабарлайды. Ол Қылмыстық кодексінің 304-бабы (Санитарлық ережені немесе гигиеналық номативтерді бұзу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды" делінген орган таратқан хабарламада.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ақпараты бойынша, елде сегіз адамнан коронавирус табылған. Олардың алтауы – Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда карантиндік стационарда емделіп жатыр. Бұған қоса, 1400-ден астам адам стационарлық карантинде,  545 адам үйдегі карантинде жабылған.

Бүгін президент Қасым Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты Қазақстан аумағында бір айлық төтенше жағдай жариялады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір