• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:48:58
Алматы
+35°

Коронавирусты әлем бойынша 169 мыңнан астам адам жұқтырып, оның 6500-ден астамы көз жұмды, деп хабарлады Сnn

Жексенбіде Қытайда вирустың 16 жаңа жағдайы расталған және 14 адамның қайтыс болғаны анықталды. Елде тіркелген инфекцияға шалдығушылардың жалпы саны 80 860-қа жетті. 

Франция ұлттық денсаулық сақтау агенттігі басшысының мәліметінше, елде коронавирустан 300-ге жуық пациент зардап шеккен, олардың орташа жасы – 60. Қазіргі таңда елдегі мейрамханалар, кафелер, кинотеатрлар мен клубтарды жауып тастады, сондай-ақ кең көлемдегі жиналыстарды өткізуге тыйым салынған.

15 наурыздағы дерек бойынша Италияда 24 сағат ішінде 368 адамның қайтыс болғаны хабарланды. Жалпы мұнда көз жұмғандар саны 1809-ға жеткен. Азаматтық қорғаныс департаментінің мәліметінше, вирустан ауырғандардың жалпы саны 24 747 болған, 24 сағат ішінде 3590 жаңа жағдай тіркелген. 

АҚШ-та соңғы тәулікте кем дегенде 3485 оқиға тіркеліп, олардың 65-і өліммен аяқталды. АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс "жаңа нұсқаулар дүйсенбіде шығады, мәселен  мейрамханалар сияқты орындар жабылатын болады" деп айтты. Вирус таралмауы үшін АҚШ-та бірнеше штат пен қала жабылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір