• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:52:27
Алматы
+35°

Дариға Назарбаева. Көрнекі сурет

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева елде төтенше жағдай жарияланғанын байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. 

"Еліміздің президенті Қ.Тоқаев енгізген төтенше жағдай - уақытылы және қажетті шара. Біздің ортақ мақсатымыз - коронавирус инфекциясының таралуымен күресу, оның Қазақстан экономикасына және адамдардың өміріне теріс ықпал етуінің алдын алу. Барлық мемлекеттік қызметтер, әкімдіктер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықты барлық қажетті заттармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін шешуге жұмылдырылған. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлеріне барынша көмек пен қолдау көрсету қажет - олар осы аурумен күрестің алдыңғы қатарында, адамдардың өмірі мен денсаулығы олардың кәсібилігі мен жауапкершілігіне байланысты" деді Назарбаева.

Оның сөзінше, құқық қорғау органдарының әрекеттеріне және төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты шектеулерге түсіністікпен қараған жөн. Ал мемлекеттік органдардың міндеті – пандемия және онымен күресу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпараттың барынша ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету.

"Үрейлі көңіл күй, қауесет пен жалған ақпарат таратуға үзілді-кесілді тоқтау салу керек. Дүрліктірушілер мен арандатушылар – короновирустың өзі сияқты біздің дұшпанымыз. Пандемиямен күресудегі біздің ортақ жетістігіміз, бірінші кезекте, бүкіл қоғамның, еліміздің барлық азаматтарының, біздердің, қазақстандықтардың жауапкершілік ұстанымына байланысты. Тыныштықты, тәртіпті, гигиенаны сақтау, оқшаулану, өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасау - вируспен күресудің басты құралы. Бүгін бәрімізге ынтымақтастық және өзара жауапкершілік пен көмек қажет. Өзіңізді және жақын адамдарыңызды күтіңіздер. Бәріміз бірге жеңеміз!" деді сенат спикері. 

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын "пандемия" деп жариялауына байланысты елде 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.

Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда 13 адамнан коронвирус табылды. Олардың 11-і Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда ауруханада жатыр. Бұдан бөлек, елде 2000-нан астам карантинде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір