• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:37:05
Алматы
+35°

Венгрия астанасы Будапешт қаласында Қазақстанның бір азаматы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Министрлік таратқан хабарламада вирус жұқтырған әйел адам екені айтылған. 

"16 наурызда Қазақстанның Венгриядағы елшілігіне Қазақстанның бір азаматы коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабар түсті. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес, одан коронавирус табылды. Қазіргі уақытта ол азаматтың денсаулығы тұрақты, ауруханада емделіп жатыр. Аталған жағдай қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында" делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бұған дейін Германияда жүрген Қазақстан азаматынан да вирус табылғаны хабарланған. Ал Қазақстанның өзінде соңғы ақпарат бойынша,  барлығы 27 адамнан вирус табылды. Олардың 11-і Алматыда, қалған 16-сы Нұр-Сұлтандағы ауруханада жатыр.

 



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір