17 Наурыз, 2020 NEWS
Фото: inform.kz/көрнекі сурет
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған 14 жаңа науқастың жай-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– 14 адамның барлығы бір рейспен келген жоқ. Бес адам – қаладағы инфекциялық блоктың стационарында жатқан. Қалған 9 адам – эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген жолаушыларды тексеру барысында табылды. Оның ішінде 4 адам – Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп танылған Италия мен Оңтүстік Кореядан келген, – деді басқарма басшысы брифингте
Оның айтуынша, бір науқас жұқпалы аурулар ауруханасында орташа деңгейдегі Жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен жатқан. Оны қосымша тексеру барысында коронавирустық инфекция табылды және ем тағайындалды.
– Барлығының жағдайы қанағаттанаралық, клиникалық белгілер жоқ. Барлығы Нұр-Сұлтан қаласының көпбейінді медициналық орталығының инфекциялық стационарына жатқызылды, – деді С. Қисықова.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір