• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:09:38
Алматы
+35°
 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 2020 жылдың 12 қыркүйегінде өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Athletic басылымының дерегіне сүйеніп.

Аталған басылым мәліметінше, спортшылар ауызша келісімге келген. Тіпті, өзара гонорарлары туралы да келісіп қойғаны айтылған.

Сонымен бірге, деректе жекпе-жектің "Эй-ти-энд-ти-стэдиум" аренасында өтуі мүмкін екені жазылған. Нақтырақ айтқанда, кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтонда өтпек.

Еске сала кетейік, Головкин мен Канелоның алғашқы кездесуі нәтижесі бойынша тең нәтиже тіркелген болатын. Ал екінші жекпе-жекте мексикалық боксшы ұпай санымен жеңімпаз деп танылған. Алайда бұл шешімнен кейін көптеген танымал спортшылар кездесуде Ганнади жеңді деп бағалаған.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір