• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:51:37
Алматы
+35°

Алматыда таяуда коронавирус жұқтырып, ем алып жатқан 2 жасар қыздың анасынан да вирус табылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевты хабарлады. 

– Дене қызуы жоқ. Ауру белгілері (симптомдары) байқалмайды. 2 жастағы қыз анасымен бірге жатыр. Анасынан да коронавирус жұқпасы табылды. Олар қаладағы балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты. Жалпы Алматыда тіркелген 17 науқастың да жағдайы қанағаттанарлық, – деді Әбілдаев.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бүгін коронавирус жұқтырған 2 баланың жағдайы бірқалыпты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір