• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:18:14
Алматы
+35°

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған шешім Мәжілістің жалпы отырысынан соң айтылды.

«Елімізде төтенше жағдай жариялануына және қаламызда карантин жариялауға байланысты, Мәжілістің де жұмыс режимі өзгереді. Ертеңнен бастап Мәжіліс жұмысының басым бөлігі басқа форматта өтеді. Бұл әр азаматтың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалатын шаралар, бәріміз түсінеміз және бұл шараларға жоғары жауапкершілікпен қарауымыз керек», - деді Нығматулин.

Белгілі болғандай, депутаттар енді Парламент ғимаратына маңызды жиналыс күндері ғана келмек. Сондай-ақ, Мәжіліс уақытша кеңестер өткізу мен азаматтарды қабылдауды да тоқтатпақ.

«Жалпы отырысқа негізгі баяндамашылар мен депутаттар ғана қатысу ұсынылады. Қалған уақытта депутаттар ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қашықтан жұмыс істейді... Қазір Мәжіліс аппаратының 70 пайызы жалақысы сақтала отырып, қашықтан жұмыс істеп жатыр. Қалған 30 пайызы қысқартылған жұмыс күніне ауысты, олар Парламент ғимаратында сағат 16.00-ге дейін жұмыс істейді», - деді Мәжіліс төрағасы.

Осылайша, төтенше оқиға болмаған жағдайда депутаттардың қызметтік және жеке іссапарларына дейін қатаң тыйым салынып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір