18 Наурыз, 2020 NEWS
zakon.kz
Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны 15-ке жетті. Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Негізінен вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі – COVID-19 диагнозы қойылған шетелден келген өзбек азаматтарының туыстары. Расталған жағдайлардың барлығы Ташкентте тіркелген.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай 15 наурызда Франциядан келген өзбек азаматынан анықталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір