• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:06:35
Алматы
+35°

Бүгін, 18 наурызда Алматыда брифинг болып, қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағаппанов карантин қандай тәртіпте жүзеге асырылатын айтты.

Қожағаппановтың сөзінше, Алматы қаласы 22 наурыз түнгі сағат 00.00-де толық жабылады.

"Темір жол мен әуе тасымалы арқылы өзге өңірде тұратындарға қаладан шығып кетуге және алматылықтарға қалаға оралуға тура 72 сағат уақыт беріледі. Ал, 22 наурыз 00:00-де Алматыға кіріп-шығу тоқтатылып, тосқауыл бекеттері жолды толық жабады.  22 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап темір жол, ішкі әуе рейстері де тұтас тоқтайды" деді ол. 

Әкім орынбасарының айтуынша, карантин кезінде жедел медициналық жәрдем, құтқару қызметі сияқты қаланың тіршілігі үшін маңызды көліктердің өтуіне ғана рұқсат беріледі. Олар қалаға кірер кезде толық дезинфекциядан өтеді.

Қожағаппановтың айтуына қарғанда, қалаға кіріп-шығу шектелгенмен, қала ішінде адамдардың жүріп-тұруына тыйым салынбайды, қоғамдық көліктер де тоқтамайды. Бұған қоса, карантин уақытында азық-түлік сататын сауда орындары, саябақтар да жұмыс істей береді. Ал асхана, мейрамханалардан тамақты сатып алып кетуге ғана болады.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір