Карантинге байланысты қойылған Алматы кіреберістеріндегі 27 блок бекеттің бірі мегаполистің батыс жағындағы Алтын Орда базарының маңына қойылған.

Арнайы темір қоршаумен қоршалған блок бекетте үш өткел бар. Біріншісі қалаға жеке көлікпен кірушілерге, екіншісі қалаға жаяу кірушілерге, үшіншісі қаладан шығушыларға арналған.

Қаладан шығуға еш кедергі жоқ. Көлікпен де, жаяу да шығуға болады. Қарасай, Жамбыл ауданына қатынайтын қоғамдық көліктер әдеттегідей жүріп тұр.

Ал қалаға Алматыда тұрақты тіркеуі барлан ғана кіргізіліп жатыр. Кіреберісте полиция қызметкерлері азаматтардың қалалық тіркеулерін тексеріп, медицина қызметкерлері арнайы құралмен кірушілердің қызуын өлшеуде. Әр адам жеке-жеке тексеріліп жатыр. Соның салдарынан қалаға кіреберісте ұзын-сонар кезек. Көлік кептелісі бірнеше шақырымды құрайды.

Қалада тіркеуі жоқтар кіргізілмейді. Полиция қызметкерлері кей тұрғындардың "қалаға қалайда кіруім керек" дегендеріне ештеңе істей алмайтынын, тәртіп солай екенін түсіндіруде.

Пост бекет маңында Шымкент, Тараз қалаларына, Қордай елдімекеніне адам жинап жүрген таксист көп. Жол жүру бағасы әртүрлі. Мәселен, Қордайға кісі басына 3 000 теңге мен 7 000 мың теңге аралығында сұрап тұр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір