• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:38:59
+35°

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек aikyn.kz-ке берген сұхбатында Елбасының өз президенттік өкілеттігін тоқтатқанына бір жыл толуына орай өз ойын ортаға салып, Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігін нығайтып, дамытудағы рөлі жайында таратып айтты. Сонымен қатар дүниені дүрбелеңге салған коронавирус індетінің өршуіне байланысты партия тарапынан ел тұрғындарына көмек беру бойынша қолға алынған шаралар жайы да сөз болды.

Партия төрағасының Бірінші орынбасары бүгінде әлемнің бүкіл елі дерлік коронавируспен белсенді күрес жүргізіп жатқанын, бұл індеттің бізді де айналып өтпегеніне тоқталды. Елімізде алғаш рет төтенше жағдай енгізіліп, екі ірі қалада карантин жарияланды. Осы ахуалға орай елдің ең ірі саяси күші - «Nur Otan» партиясы да жұртшылыққа көмек қолын созып, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында мұқтаж жандарды антисептикалық құралдармен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін 150 млн. теңге бөлді. «Nur Otan» және «Jas Otan» волонтерлары мен еріктілерінен ықшам топтар құрылып, осынау сын сәтте әлеуметке өз көмектерін көрсетуде.

«Мен ерікті түрде жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арнайы әлеуметтік пакеттерді үлестіруге атсалысқан «Jas Otan»-дық волонтерларымызға дән ризамын. Шынайы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік тап осындай сын сәттерде көрінеді» - деді Бауыржан Байбек.

Оқырмандар сұхбатпен толығырақ aikyn.kz сайтынан таныса алады: Б.Байбек: Елбасы бастаған аға ұрпақ елдікті қайта жаңғыртты – мемлекетіміз еңсесін тіктеді, сенімі нық, ертеңі ерен ұлт болып ұйыстық

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір