• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:30:49
Алматы
+35°

Бұған дейін Алматыда адамдар толайым оқшауланған «Сұңқар» тұрғын үй кешені қазір қатаң бақылауда тұрғанын хабарлаған болатын. Соңғы мәліметтерге сәйкес, аталмыш тұрғынүйдің қасындағы көпқабатты үйлер де қоршауға алынған. Бұл туралы Еgemen.kz хабарлады.

«Сұңқар» тұрғынүй кешені 15 күндік карантинге жабылғаннан кейін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполисте індет ошақтары бар екенін мәлімдеген болатын. Бабақұмаров індет ошақтарын атамағанына қарамастан, бірқатар ресми сайттар мегаполисте вирус жұқтырғандардың нақты мекен-жайларын жариялап үлгерді.

– Қалада коронавирусты жұқтыру ошақтары бар. Басты міндет – жұқтыру тізбегін үзу, карантин режимін сақтау, қалада вирустың таралуына және оны басқа өңірлерге экспорттауға жол бермеу, – деді Ержан Бабақұмаров.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан онлайн-брифингте тәуліктен уақыт таңдамай, БАҚ өкілдері барлық сұрақтарды қоюға мүмкіндік алып отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір