• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:41:22
Алматы
+35°

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша COVID-2019-дың 10 ошағы анықталған. Вирус жұқтырған тұрғындар арнайы орындарда карантинде жатыр. Олармен байланысқан адамдарға вирус жұқпауы үшін науқастар тұратын үйлер індет ошағы ретінде белгіленіп, 14 күнге карантинге жабылған. Қамшы тілшісі солардың бірқатарындағы жағдаймен танысып қайтты.

Алмалы ауданындағы індет ошақтарының бірі – Жароков 16 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үй.

Індет ошағы анықталған үй кіреберісі толық оқшауланған. Ешкімге кіріп-шығуға рұхсат жоқ. Кіреберіске бірнеше темір қоршау мен "Назар аударыңыз! Қауіпті аймақ" деп жазылған плакат қойылған. Оның сыртында полиция қызметкерлері тұр.

а

Жароков көшесіндегі 16 үйдің карантинге жабылған кіреберісі

а

Жароков көшесі 16 үйдегі карантинге жабылған кіреберісті күзетіп тұрған полиция қызметкерлері

Карантин барысын қадағалап жүрген Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев үй карантиніне жабылған тұрғындарға барлық керек-жарақ уақытылы жеткізіліп отырғанын айтты.

– Бірнеше кіреберістен тұратын үйдің індет ошағы табылған кіреберісі ғана карантин жабылған. Қолда бар дерекке сай, коронавирус анықталған тұрғын шетелден келген. Азамат туралы өзге ақпаратпен бөлісе алмаймыз. Үйдің өзге тұрғындары 14 күн карантин жағдайында бақылауда болады. №3 емхана мамандары 10:00-ге дейін бір рет, 20:00-ге дейін бір рет күніне 2 мәрте үй тұрғындарын тексеріп тұрады. Керек заттарды сырттан әкеліп беріп жатырмыз. Тұрғындарға жауапты тұлғалардың номерлері берілген. Жағдай толық бақылауда. Қала тұрғындарынан үйінен шықпай, тек ресми ақпарға сенуге шақырамыз, –  дейді Бекқали Торғаев.

а

 Жауапты тұлғалар номері жазылған плакат

Індет анықталған азаматтардың бірі – Зенков көшесі 59 үйдегі Сұңқар тұрғын-үй кешенінде тұрады.

Мұнда да карантин тәртіпке сай жүзеге асырылып жатыр. Полиция қызметкерлері ешкімнің үйден шықпауын, үйге кірмеуін тәулік бойы қадағалап тұр. Кезекшілікте тұрған полиция қызметкері тұрғындар өтініші бойынша дүкенге барып, керек-жарақтарын алып беріп жүргенін айтты.

 

а

Сұңқар тұрғын-үй кешенінің карантинге жабылған кіреберісі

а
Сұңқар тұрғын-үй кешенінің тұрғындарына тамақ әкеліп тұрған жеткізуші

Тұрғындарға есік алдына шығып, шылым шегіп, таза ауамен тыныстауына рұхсат етілген. Жағдайларын сұраған Қамшы тілшісіне тұрғындардың бірі "үйде отырып әбден зеріктік. Бірақ амал не, көнеміз" деп жауап берді.

Гоголь көшесіндегі 75-үйдегі жағдай да осыған ұқсас.

а

Гоголь көшесіндегі 75-үй ауласы

Тұрғындарға қоршалған темір қоршаулардан шығуға болмайды. Оны кезекші полиция қызметкерлері мен медбикелер қадағалап тұр. Тұрғындар қажет заттарды полиция қызметкерлері мен таныстарына алдырып жатыр.

а

Гоголь көшесі 75-үй тұрғынына танысы ас-су беріп жатыр

Тағы оқыңыз!

"Бізді карантинге жаппады". Алматыда "коронавирус ошағы" деп оқшауланған үйлердің ахуалы (фоторепортаж)

♦ Ресми ақпарат: Алматыдағы коронавирус ошақтарының тізімі аталды

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір