• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:49:35
Алматы
+35°

Коронавирусқа байланысты карантинге жабылған Алматы қаласының оңтүстік облыстарға шығатын қақпасына қойылған блок-бекетте ажиотаж болып жатыр. 22 наурыз сағат 00.00-де қалаға кіріп-шығуға толықтай тыйым салынғанымен, блок-бекетке жиналған халық көп. Бұл туралы блок-бекетте жүрген Қамшы тілшісі хабарлады.  

Блок-бекет арқылы қаладан шығып кетуге оқталғандарға полиция мен арнайы жасақ тосқауыл қойып тұр. Әкімдік өкілдері қала толық карантинге жабылғанын, қаладан ешкім шығарылмайтынын айтса да, кейбір азаматтар қайтпай тұр.

Қаладан шығуға тырысқан адамдардың айтар уәжі әртүрлі. Бірі "Алтын Орда" базарында жұмыс істеймін" десе, енді бірі Алматыда ауруханада жұмыс істейтін айтады. Бұдан бөлек, "Жақыным қайтыс болды. Бармасам болмайды" деп блок-бекеттен өтуге тырысқандар да бар. Бірақ полиция блок-бекеттен медицина қызметкерлері мен шетел азаматтарын ғана өткізіп жатыр.

 Тағы оқыңыз!

♦ Алматы жабылған алғашқы күндегі ахуал (фоторепортаж)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір