• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:26:48
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2020 Саясат

"Сіздер елдегі коронавирус жағдайымен дұрыс айналысып жатқан жоқсыздар": танымал кәсіпкер жан басына 100 000 теңгеден бөлу керектігін айтып үндеу жасады

Иә, бұндай үндеуді бизнесмен тұп-тура Президент пен үкіметке қарата жасады. Онда ол коронавирус індетімен бірге жаһанды жағадан алуға айналған дағдарыстың Қазақстандағы бизнес климатқа әсерін, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері үшін тигізер зардабын саралаған. Оның айтуынша, індет тежелген күннің өзінде жұмыссыз халық мемлекеттен қаржылай қолдау таппаса, дағдарыс күтіп тұрғанға ұқсайды.

Фото: informburo.kz

Бұл туралы танымал кәсіпкер және азаматтық белсенді Ерлан Нүрпейісов өзінің Facebook парақшасында үндей отырып жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Жыл сайынғы Наурызбен құттықтау дәстүрін бұзып, оның орнына биыл президент пен үкіметке үндеу жасағым келеді. Сіздер елдегі коронавирус жағдайымен дұрыс айналысып жатқан жоқсыздар. Індет өтеді, бірақ Қазақстандағы бизнеске қандай салдар әкеледі, қоғамның белсенді бөлігі болып табылатын шағын және орта бизнес қалай өмір сүреді?", - деп сұрақ тастайды.

Бұдан әрі бизнесімен Президент пен үкіметке қойған сұрағының себебін де егжей-тегжейлі атап өткен.

"ШОК субъектілерінің кірістері 50-100% -ға төмендеді және бұл карантин аяқталғаннан кейін де бірнеше айға жалғасады, өйткені тұрғындардың ШОБ қызметтері мен тауарларына деген сұранысты қамтамасыз ету үшін қолма-қол қаражаты жоқ. Мен барлық халыққа, ересектерге 100 000 тг және кәмелетке толмағандарға 50 000 тг көлемінде қолма-қол ақша бөлу туралы мәселені шұғыл қарастыру қажет деп санаймын. Қазақстан қалаларында пандемия мен карантиннің ұзаққа созылуын ескере отырып, бұл шараны жартылай немесе толықтай қайталау қажет болуы мүмкін" деп түсіндіреді. 

Осы ретте азаматтық белсенді шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған несие мөлшерлемесі 0-ге тең болуы керектігін, 30 миллион теңгеге дейінгі несиеге кепілдемені азайту дұрыс дейді. Ол үшін Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге теріс мөлшерлеме -5% мөлшерінде несие беру қажет, екінші деңгейлі банктер де коронавируспен күресуге өз үлестерін қосып, несие рәсімдеуде пайызды төмендетуі қажет деп есептейді Ерлан Нұрпейісов.

"Егер жоғарыда көрсетілген шаралар ішкі сұранысты ынталандыру және ел экономикасын қалпына келтіру үшін жеткіліксіз болса, ШОК үшін үш ай мерзімге демалыс жариялауы, тағы бір тоқсанға ұзартылуы қажет. Мұндай бұрын-соңды болмаған жаһандық дағдарыста үкімет іс жүзінде бизнес пен халыққа бет бұруы керек және жай тыңдаушы ғана емес, сонымен бірге ҚОЛДАУШЫ мемлекетке айналуы керек! Олай болмаған жағдайда, бізде жоқшылық, депрессия мен тәртіпсіздіктер орын алады, салдарынан мемлекеттік институттар қирап, жалыхалықтық хаос орнайды», - дейді кәсіпкер Ерлан Нүрпейісов өз парақшасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір