• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:29:32
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, 42500 теңге жәрдемақы төлеуді тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Ақордада төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында айтты. 

"Карантин енгізілген соң тек Алматының өзінде кәсіпорындардың қызметкерлер саны 266 мың адамға қысқарады. Дәл осындай жағдай жеке кәсіпте де байқалды. Олардың 80 пайызы өз қызметтерін тоқтатты. Осылайша, алдын ала есептеулерге сәйкес, төтенше жағдай шамамен 500 мың азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді. Сондықтан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, 42500 теңге жәрдемақы төлеуді тапсырамын" деді Тоқаев.

Президент жәрдемақы төлеудің тиімді және ашық тетігін әзірлеуді төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияға тапсырды. Яғни, табысынан айырылғандарға жәрдемақы төлеу тәртібін төтенше жағдайға байланысты құрылған мемлекеттік коммисия шешеді. 

Бұдан бөлек, Тоқаев үкімет пен жергілікті әкімдіктерге қосымша қаражат тауып, коронавирусқа қарсы іс-шараларға жұмылдырылған дәрігерлерге, полицейлерге және өзге де мамандарға 1 лауазымдық жалақы көлемінде сыйақы төлеуді тапсырды. 

Президент Тоқаев Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялаған болатын. Ал 19 наурыздан бастап елдің екі ірі қаласы – Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ақпараты бойынша, елде 62 адамнан коронавирус табылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір