• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:50:12
Алматы
+35°

Бітімгерлік миссиясына аттанғалы тұрған Қазақстан сарбазы/көрнекі сурет

Биыл БҰҰ-ның 75 жылдығы. Қазақстан 28 жыл бұрын, 1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ мүшесі болды. 1992 жылдың 5 маусымында ҚР Президентінің БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігін құру туралы Жарлығына қол қойылды. 1993 жылы 16 ақпанда Қазақстанда, Алматыда БҰҰ өкілдігі ашылды.

Міне, осы кезеңнен бастап еліміз БҰҰ аясында көптеген шараларға бел шешіп қатысып, белсене араласты. Бұл ретте бізге пікір білдірген дипломат Ерлан Ыдырысов «28 жыл ішінде Қазақстанның БҰҰ-мен өзара іс-қимылын өңірлік және жаһандық деңгейде дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарылды» деді.

– БҰҰ – бұл ең әмбебап халықаралық ұйым және біз 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ құрамына бірауыздан қабылданғанымыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында маңызды күн болды және болып қала береді, – деп толықтырды ол.

Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ға енген жылы аталмыш ұйымның құрамында 168 мемлекет болды. Бүгінде ұйым 175 мемлекетті, оның ішінде сегіз посткеңестік елді біріктіре бастады.

– БҰҰ-ның мүшесі бола отырып, біз бірінші кезекте ғаламдық мәселелерді шешуге нақты мүмкіндік алдық. 28 жыл ішінде Қазақстан халықаралық аренада лайықты орынға ие болып, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаһандық ұйымның көп қырлы күш-жігеріне өз үлесін қосады, – деді ол.

Белгілі болғандай, Қазақстан БҰҰ-на мүшелігі кезеңінде мынадай басымдықты анықтады: ядролық қарудан азат әлем құру; жаһандық соғыс қатерін жою және өңірлік жанжалдарды реттеу; өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықты бір мезгілде нығайту кезінде Орталық Азия мүдделерін ілгерілету; терроризмге қарсы күрес; Африкадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік; қауіпсіздік пен Тұрақты даму арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ету; сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-ның бүкіл жүйесін XXI ғасырдың қауіп-қатерлері.

– Өзінің тәуелсіздігі мен БҰҰ-ға мүшелігі жылдарында Қазақстан салмақты және дәйекті сыртқы саяси бағыттың арқасында үлкен тарихи тәжірибеден өтіп, дүниежүзілік ұйымның беделді мүшесі және халықаралық ынтымақтастықтың жауапты серіктесі болды, – деп атап өтті Ерлан Ыдырсов.

Ол сондай-ақ БҰҰ бірлескен іс-қимыл үшін танылған жаһандық орталық болып қалатынын және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау және нығайту, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін басты рөл атқаруын жалғастыратынын атап өтті.

Айта кетейік, БҰҰ-ның мүшелері ретінде құқық субъектісі халықаралық дәрежеде мойындалған мемлекеттер ғана бола алады. БҰҰ Жарғысына сәйкес ұйым мүшелігіне қабылдау, оның міндеттемелерін орындай алатын бейбітшілік пен ынтымақтастыққа үндейтін мемлекеттер үшін ғана ашық.

Ұйымға мүше кез келген осындай мемлекетті қабылдау Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынымы бойынша Бас Ассамблеяның қаулысымен жүргізіледі. Жаңа мүшені қабылдау үшін Қауіпсіздік Кеңесіне мүше 15 мемлекеттің кем дегенде тоғызы оны қолдауы қажет. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынымын бекіткеннен кейін ол Бас Ассамблеяға беріледі, онда кіру туралы қарар қабылдау үшін үштен екісінің дауыс беруі талап етіледі. Жаңа мемлекет Бас Ассамблеяның қарары қабылданған күнінен бастап БҰҰ мүшесі болады.

БҰҰ-ның жарғысында бекітілген мақсаттары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, бейбітшілікке төнген қауіп-қатерді болдырмау және жою және агрессия актілерін басу, халықаралық дауларды бейбіт құралдармен үйлестіру немесе шешу, халықтардың тең құқылық және өзін-өзі анықтау қағидатын құрметтеу негізінде ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту; экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау болып табылады.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Мүшелік кезеңінде біздің еліміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген барлық басымдықтарды жүзеге асырды. Әлемдік қоғамдастық біздің республикамыздың жауапты және принципті ұстанымын жоғары бағалады.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жетістіктері көп жағдайда Елбасының белсенді сыртқы саяси қызметінің және оның бейбітсүйгіш бастамаларының арқасында мүмкін болғаны даусыз.

Бұл ретте Ерлан Ыдырысов:

– БҰҰ аясында Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға арнау туралы шешім қабылдады. Қазақстан Таяу Шығыстағы, Африкадағы және әлемнің басқа да аймақтарындағы қақтығыстар мен дағдарыстарды реттеуге белсене атсалысып отыр. Бұл Елбасының жаһандық соғыс қаупінің алдын алу және толық жою туралы көзқарасына толық сәйкес келді, – дейді.

Ең алғаш 1992 жылы Бас Ассамблеяның 47-ші сессиясы барысында сөйлеген сөзінде президентіміз Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенім шараларын қолдануды ұсынды. Сол кезде барлық елдер Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру бастамасын қабылдаған жоқ. Бүгінде Кеңес ерекше өзектілікке ие болды және көптеген Азия мемлекеттері тарапынан қолдау тапты. Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Қазақстан ұстанған процестің нәтижелері бұған дәлел болды.

Бұл ретте бізге пікір білдірген саясаттанушы Дархан Жақсылықов:

– Кепіл беруші елдермен бірлесіп, адасқандарды қайтару үшін жағдайлар жасалған. Сирия қақтығысын саяси реттеу үшін берік негіз құру бойынша  Қазақстан да сауатты жұмыс істеп жатыр, – деді.

Саясаттанушы маманның пайымынша, Қазақстан бітімгершілік желісі бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізген. Мысалы, 2018 жылдың қазан айында Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы 120 әскери қызметшіден тұратын қазақстандық бітімгершілік ротасы Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштерін толықтырды. Соның арқасында Қазақстан Еуразиялық аймақтағы ең ірі бітімгершілік жеткізушісі болды.

– Қорғаныс министрлігімен бірлесіп біз БҰҰ-ның Алматыдағы қазақстандық бітімгершілік дайындық оқу орталығын сертификаттауға қол жеткіздік. Іс жүзінде біз өңірлік бітімгершілік тобын  қалыптастырудамыз, оның қажеттілігі таяудағы жылдары өсетін болады, – дейді маман.

Жалпы, біз кез келген уақытта аймақтың барлық елдерінің мүдделерін үйлесімді үйлестіру қажеттілігін жиі айтамыз. Осы орайда Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстан ұсынған инновациялық тәсіл үлгіге айналды. Соңғы жеті жылда біз алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің Ауғанстанға сапарын ұйымдастырған болатынбыз, олар сол жерде жағдаймен танысып, ел басшылығымен, бизнес өкілдерімен және жұртшылықпен кездесті. 2018 жылғы 19 қаңтарда Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің сыртқы саяси ведомство басшыларының қатысуымен "Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік моделі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азияда өңірлік әріптестікті құру" тақырыбындағы министрлік дебаттар Ауғанстан аумағынан шығатын қауіп-қатерлерді азайту мақсатында аймақ елдерінің практикалық әріптестігін көрсетті.

Қауіпсіздік кеңесінде Орталық Азияның ортақ мүдделерінің көрінісі, осы органның күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты консультациялар өңір бойынша көршілеріміз тарапынан жоғары баға мен ризашылыққа ие болды. Айта кетерлігі, олардың көпшілігі дүниежүзілік ұйымның осы органының мүшесі болу идеясын қолдады. Біздің мұндай тәсіліміз бауырлас мемлекеттердің жақындасуына, өзара түсіністік пен сыйластықты тереңдетуге ықпал еткеніне сенімдіміз. Мұны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі біздің жұмысымыздың лайықты үлгісі деп санауға болары даусыз.

Қазақстан БҰҰ аясында орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге практикалық үлес қосқанын жиі айту керек. Қауіпсіздік пен даму арасындағы өзара байланыс тұжырымдамасы нығайып келеді. Қазір БҰҰ-еы неғұрлым ашық есеп беретін құрылымға айналдыру жөніндегі жұмыстар қызу жүріп жатыр. Ал бұл біздің әлем алдындағы мәртебемізді асқақататпаса төмендетпейтіні анық.

Қарлығаш Зарықханқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір