• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:39:47
Алматы
+35°

Бұндай болжамды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Абаев әуелі қоғамда төтенше жағдай ұзаққа созылып кетуі мүмкін бе деген сұрақ бар екенін еске салған.

"Дәл қазір бұл сұраққа нақты жауап беретін жағдайда емес екенімізді мойындау керек. Дәрігерлердің айтқанын қаншалықты дәл әрі бұлжытпай орындасақ, төтенше жағдай да соншалықты тез тоқтайды" деп қазақстандықтарға тәртіп-талапқа бағынудың маңыздылығын аңғартқан.

Сондай-ақ, өз сөзінің жалғасында болжамдарын да жеткізген.

"Біз коронавирус жұқтырған адамдардың саны күрт ұлғаятын уақыт әлі алда деп болжап отырмыз. Одан кейін олардың саны азаяды. Бір айдың ішінде деген үміт бар» дейді Дәурен Абаев.

Оқи отырыңыз: Абаев: Қазақстан дағдарысты шешуге шамамен 4,4 триллион теңге бөледі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір