• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
04 Сәуір, 08:07:48
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

24 Наурыз, 2020 NEWS

"300 мыңыншы оқиға төрт күннің ішінде тіркелді": Коронавирус пандемиясы жылдам өршіп барады

Фото: pravda.com.ua

Covid-19 жаңа коронавирус пандемиясы әлемде бұрынғыдан да жылдам тарап бара жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус осылай мәлім етті, деп хабарлайды BBC.

«Алғашқы науқас анықталып, олардың саны 100 мыңға жеткенше 67 күн өтті. 100 мыңнан 200 мыңға дейін –  11 күн, ал 300 мыңыншы оқиға төрт күннің ішінде тіркелді» деді Гебрейесус Женевада өткен брифингіде.

Қазір инфекция әлемде 350 мыңнан астам науқастан табылған. Дүйсенбі таңертеңгі мәлімет бойынша, Covid-19-дан әлемде 15 мыңға жуық адам қайтыс болып, 100 мыңы сауығып кетті.

Ең көп көз жұмғандар Италия (5,5 мыңға жуық) мен Қытайда (3 153 адам). Испанияда коронавирус эпидемиясы басталғалы індетті жұқтырғандардың ең көп өлімі тіркелген. Кеше Covid-19-дан бұл елде 462 адам көз жұмды, бұл алдағы тәуліктегіден 26%-ға көп. Сонымен қатар жұқтырғандар да көп –  4 500.



Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір