• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:23:33
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтанда алғаш рет онлайн той өткізілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv. дерегіне сүйеніп.

Дереккөз мәлімдегендей, жас жұбайлар елімізде алғаш рет ата-анасынан бейнеқоңырау арқылы ақ бата алған. Оның үстіне, некесін онлайн қиған Азамат пен Әсел маңызды рәсімді Ұлыстың ұлы күніне орай жоспарлаған.

Дәлірек айтқанда, бастапқы шешім бойынша құдалық пен ұзату, неке қию Арыс қаласында 22 наурызда өтеді деп күтілген.

Той иесі Азамат Асқарұлы елдегі жағдайға байланысты әуелде не істерін білмей қалғанын жеткізген.

"Шынын айтсақ, 2 күнге дейін не істерімізді білмей жүрдік. Екі жас өзіміз барып қайтамыз ба? Әлде қалай деп ойланып жүрген кезімізде үлкендер өздері шешімге келіп, жұбайымның ата-аналарына хабарласып, онлайн түрде ақ батасын алды. Біз енді Қазақстанда алғаш онлайн үйленген жұппыз деп әзілдейміз. Қазіргі қауіпсіздік шараларын сақтана отырып, өзіміздің ағайын-туыстың арасында, кішкентай ғана үйде келін түсіру отырысы болды. Мешіттен имам шақырып, ақ некемізді, ең бастысы Алланың алдындағы аманат пен ата-ананың алдындағы аманатты жасадық. Сөйтіп, шағын тойымыз өтті, қазір үйде жатырмыз бал айын өткізіп", – деді ол.
 
Осы ретте онлайн тойдың ойдағыдай өткеніне қуанған Азаматтың жары да дерттен аман шыққан соң екі жақтың танысуы болатыны айтқан.

"Әрине, қыз ұзату болмайды, тек құдаласу болады Алла бұйыртса. Осы дерттен аман шықсақ, екі жақтың танысуы болады. Оның бәрі алда. Біздің ниетіміз бен жоспарымыз бойынша неке қию Арыс қаласында өтуі керек болған. Бірақ бәрі осы жақта болды. Оның барлығын жұбайымның ата-анасы, әпкелеріміз телефон арқылы хабарласып, сырға салудың барлығын үстел барысында барлығын көрсетті", – деді Әсел Әбдімәлікқызы.

Ал жас жұбайлардың туған-туыстары мен жақындары жылы сөздер мен тілектерін әлеуметтік желілер арқылы және бейнеқоңыраулар арқылы жеткізіп, онлайн құттықтаған. 

Елдегі жағдайға түсіністікпен қараған екі жастың туыстары жазға дейін жағдай түзеледі деп үміттенеді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір