• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:43:08
Алматы
+35°

24 наурызда коронавируспен тіркелген әйел дәрігерге өзі жүгінген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстандағы коронавирус жағдайы бойынша ресми сайт дерегіне сүйеніп.

Дәлірек айтқанда, шетелге де шықпаған қазақстандық әйел өзін нашар сезінген соң дәрігерге жүгінген. 

"21 наурыздан бастап әйелдің дене қызуы көтеріліп жүрген. Содан келесі күні ол инфекциялық стационарға жатқызылған. Ал 24 наурызда оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды" деп хабарлайды Қазақстандағы коронавирус жағдайы бойынша ресми сайт.

Осылайша, наурыздың 21 жұлдызында ауырған әйелдің коронавируспен ауырғаны наурыздың 24-і күні ғана белгілі болған.

Ал тағы бір науқас 22 наурызда Лондоннан Минск-Нұр-Сұлтан рейсімен келген. Ол бірден карантиндік стационарға оқшауланды. Кейін диагноз нәтижелері ұшып келушінің вирус жұқтырғанын растаған. Артынша оны жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген.

"Шағым жоқ, клиникалық белгілері жоқ, дене қызуы қалыпты. Онымен байланысқа түскендер инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазіргі уақытта ұшақ бортында жақын қарым-қатынасты анықтау жұмыстары жүргізілуде" деп хабарлайды сайт.

Анықталғандай, 24 наурызда сағат 12:00-де Қазақстан бойынша ауырғандар саны 68 адамға жетті.

Оқи отырыңыз: "Коронавирус жұқтырған адамдардың саны күрт ұлғаятын уақыт әлі алда": ресми өкіл болжам айтты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір