• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:16:34
Алматы
+35°

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирусқа байланысты қолға алынып жатқан соңғы шаралар туралы айтып берді.

Төтенше жағдайға байланысы 500 мың адамға азық-түлік жиынтығы берілмек.

– Бір адамға азық-түлік жиынтығын берудің ерекше тәртібі әзірленді. Ол бойынша карантин аймағында тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары мен ересек мүшелері, сонымен қатар 1-топтағы барлық мүгедектер қамтамасыз етіледі. Жалпы мұндай көмекпен жарты миллионнан астам адам қамтылады, – деді Дәурен Абаев.

Министр Алматыға коронавирусты анықтайтын 266 мың тест жеткізілетінін айтты.

– 27 наурызда Алматы қаласына 266 мың тест алып келеді. Олар кедендік және валидация процедурасынан өткізіледі. Болжаммен 29 наурызда олар ең алдымен дәрігерлердің қолына тиеді. Бұлардың барлығы тегін тестілер, – деді министр.

Оның атап өтуінше, осы уақытқа дейін елде коронавирус инфекциясын анықтауға арналған 15 мыңнан астам тест жасалды. Қазіргі уақытта күніне мыңнан астам тест жасалып жатыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату және әскерге шақыру уақытша тоқтатылады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір