• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:58:15
Алматы
+35°

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 24 наурыз күні сағат 23.20-да елде коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталғанын хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, Жамбыл облысында бір адамнан, Солтүстік Қазақстанда облысында бір адамнан вирус табылған.

24 наурыздағы мәлімет бойынша, елде 72 адам коронавирус жұқтырған. Қазір Алматыда – 29 адам, Нұр-Сұлтанда – 35 адам, Қарағандыда – 2 адам, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында –1 адам, Шымкентте – 1 адам, Жамбыл облсында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облсында – 1 адам емделіп жатыр.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар алғаш рет 13 наурызда анықталды. Кейін, вирус жұқтырғандар саны сегізге жеткен кезде президент Тоқаев елде 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялаған болатын. Ал 19 наурыздан бастап елдің екі ірі қаласы – Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылды. 


"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір