Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан екі науқастың жазылғанын хабарлады.
– Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса ауруханадан ертең шығады. Бұл – біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл – дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстандықтардың атынан медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы – өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді, – деді Дәурен Абаев.
Бүгін Қазақстанда індетті жұқтырғандардың саны 80-ге жеткен.
Пікір қалдыру