• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:22:48
Алматы
+35°

Бүгін, 25 наурызда Шымкент қаласында коронавирус табылған екінші адам індетті өзінің ұлынын жұқтырған. Бұл ақпаратты Сoronavirus2020.kz  сайты хабарлады.

"Бүгін диагнозы расталған азамат – кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен қарым-қатынаста болғандықтан, ол 24 наурыз күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализ алынып, 25-наурыз күні вирус жұқтырғаны анықталды" деп жазды коронавирусқа байланысты ашылған ақпарттық сайт.

Кеше Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бірінші адам – 24 жастағы ер азамат анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі оның 19 наурызда Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен барғанын хабарлады.  Ол адаммен бірге автобуста 51 адам келген. Олардың 35-і табылып, карантинге жатықызылды. Қалған 16 адам іздестіріліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір