• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:57:03
Алматы
+35°

ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы Сырым Шәрібекке тағайындалған жаза өзгертілгенін хабарлады.

Министрлік мәліметінше, бүгін, яғни 26 наурызда Чангвон қаласында Қазақстан азаматына қатысты іс бойынша апелляциялық соттың қорытынды отырысы өткен.

"Сот отырысына қазақстандық дипломаттар да қатысты. Кореядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен аудармашы қызметі ақысыз негізде ұсынылды. Тыңдау барысында сот бұрын шығарылған үкімді (2 жыл 6 ай) тым қатаң деп санап, бас бостандығынан айыру мерзімін түзеу жұмыстарымен қоса алғанда 2 жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, қорғау тарапының Корея Республикасының Жоғарғы Сотына 7 күн ішінде аппеляцияға беру құқығы бар. Аталған уақыт бойы С. Шәрібек тергеу изоляторында болады, ал апелляция болмаған жағдайда Чангвон қаласының түрмесіне ауыстырылады. Жазаны өтеу мерзімі ұсталған сәттен, яғни 2019 жылғы 14 қазаннан бастап есептеледі. Осылайша, жазаның жалпы мерзімі 1 жыл 6 айды құрайды. Біздің отандасымыздың жағдайы жақсы, оның ешқандай шағымы жоқ" делінген министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.

2019 жылғы 16 қыркүйекте Корея Республикасында заңсыз жүрген Қазақстан азаматы көлікпен баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оның жүргізуші куәлігі болмаған. Артынша ұшаққа билет алып, Қазақстанға қайтып кеткен. Ал қазан айының ортасында қазақстандық жігіт тергеу шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып барған. Ол Чангвон қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Тергеу барысында зардап шеккен баланың жолды рұхсат етілмеген жерден кесіп өткені анықталды. Жәбірленушінің ата-анасы балаларының миына қан кеткенін, оның еміне 50 мың доллардан астам қаржы жұмсалғанын, бала күтімі үшін жұмыстан шығуларына тура келгенін айтып, айыпталушыға кешірім бермеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір