• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:50:12
Алматы
+35°

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін қаражат бөлді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек facebook парақшасында хабарлады. 

"Тек соңғы 6 күнде бүкіл ел көлемінде 11 600-ден астам отбасыға 214 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

Жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген «Jas Otan» волонтерлары мен белсенді нұротандықтарға алғыс айтамын" делінген жазбада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: «Nur Otan» партиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір