• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:13:53
Алматы
+35°

Қазақстанда коронавирусқа байланысты құрылған төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешім шығарды. Бұл туралы Рrimeminister.kz сайты хабарлады.

Мемлекеттік коммисия шығарған шешімге сәйкес, 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда төмендегідей шектеулер қойылады.

  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;
  • Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);
  • Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
  • Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);
  • Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу. 

Қазақстанда 26 наурыз күні вирус жұқтырғандар күрт көбейді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерігінше, бүгін 28 адамнан вирус табылды. Елде індет жұқтырғандар саны 109-ға жетті. Қазір Алматыда – 40 адам, Нұр-Сұлтанда – 61 адам, Қарағандыда – екі адам, Шымкентте – екі адам, Алматы облысында – бір адам, Ақтөбе облысында – бір адам, Жамбыл облысында – бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр. 

Коронавирусқа байланысты Қазақстанның барлық аумағында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан 19 наурыздан бастап карантинге жабылған. Бұл қалаларға кіріп-шығуға тыйым салынған. Бүгіннен бастап қала ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істеп тұр.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір