26 Наурыз, 2020 Барлық аймақтар
Ашық дереккөз
Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.
– Құрметті отандастар, бұл шұғыл брифинг. Өкінішке қарай, Қазақстан азаматы коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қаза, барлығымыз ауыр қайғыдамыз. Ертең Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық мәліметтерді қосып, толық мәлімет береді. Бұл жағдай коронавирустың қаупін тағы да ескертіп отыр. Қазір болып жатқанның бәрі барлығымызға сын, – деді Дәурен Абаев "Хабар 24" арнасының эфирінде.
Тағы оқыңыз:
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір