• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:00:33
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін коронавирустан қайтыс болған әйел адамның туыстарына көңіл айтты.

"64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы – бұл індеттің аса қауіпті әрі карантин тәртібін сақтау өте маңызды екенін көрсетті. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз" деп жазды президент.

Бүгін, 26 наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған бір адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл – елде осы індеттен қаза тапқан алғашқы адам. 

Соңғы дерек бойынша, елде 13 наурыздан бері 111 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың екеуі дертінен айықты. Індет жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтанда. 

Коронавирусқа байланысты Қазақстанның барлық аумағында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан 19 наурыздан бастап карантинге жабылған. Бұл қалаларға кіріп-шығуға тыйым салынған. Бүгіннен бастап қала ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істеп тұр.  


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір