27 Наурыз, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Алматы әкімінің баспасөз қызметі қалада коронавирус анықталған азаматтардың жағдайы туралы хабарлады.
Әкімдіктің дергеніше, бүгінде қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 40 пациент жатыр. Оның екеуі – бала.
38 пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық, 1 баланың жағдайы ауырлығы орташа дәрежеде. Бір науқастың жағдайы ауыр. 1956 жылы туған пациент ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Дәрігерлер науқастың ауыр жағдайын өкпенің созылмалы обструктивті ауруының болуымен байланыстырады.
Бұдан бөлек провизорлық госпитальдарда карантинде 938 азамат, оның ішінде 56 бала бақылануда. Азаматтардың температурасы қалыпты жағдайда.
Сондай-ақ бүгін, 26 наурызда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған әйел емделіп шығарылды. Ол елде коронавирустық инфекция анықталған алғашқылардың бірі болатын. Пациент вирусты Еуропа елдерінің бірінде жұқтырған. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы ем қанағаттанарлық жағдайда өтті. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы екі бақылау талдауы қорытындысы бойынша коронавирус анықталған жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір