• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:35:02
Алматы
+35°

26 наурыз күні сағат 22.20-да Жамбыл облысында тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Бұл облыста корнавирус жұқтырған алғашқы адам 24 наурызда анықталған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқарамасының дергегінше, 29 жастағы ол азамат 23 наурызда Қырғызстаннан келген.

Қазақстанда 26 наурыз күні вирус жұқтырғандар күрт көбейді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерігінше, бүгін 32 адамнан вирус табылды.

Жалпы елде 13 наурыздан бері вирус жұқтырған 112 адам анықталды. Олардың екеуі індеттен айығып шықса, бір адам бүгін қайтыс болды.

Елде коронавирус инфекцисын жұқтырғандардың басым бөлігі Алматыда мен Нұр-Сұлтанда. 

Коронавирусқа байланысты Қазақстанның барлық аумағында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан 19 наурыздан бастап карантинге жабылған. Бұл қалаларға кіріп-шығуға тыйым салынған. Бүгіннен бастап қала ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істеп тұр.  


 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір