27 Наурыз, 2020 NEWS
ktk.kz
Қазақстанда 64 жастағы әйелдің коронавирустан көз жұмғанына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ильясов брифингте айтты.
Әйелдің өліміне екі жақты пневмония, тыныс жетіспеушілігі, қант диабеті салдарынан болған сепсис, гипертония және атеросклероз себеп болған. Пневмонияның себебі – коронавирус.
– Науқас медициналық мекемеге 25 наурыз күні сағат 07:00-де ауыр жағдайда жеткізілген. Онда тыныс алу жеткіліксіздігі, интоксикация синдромы және сонымен қатар жүретін патологиялар болған. Алгоритмге сәйкес, COVID-19 болуы мүмкін деген күдікпен ЖРВИ-ге алдын ала төтенше хабарлама берілген. Ол №2 Көпсалалы облыстық аурухананың оқшауланған бөлмесіне жатқызылған. Туыстарының айтуынша, ол шетелге шықпаған және ЖРВИ, коронавирус дертіне шалдыққандармен байланыста болмаған. 13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған, – деді Сүлен Ілиясов.
Оның айтуынша, науқаспен байланыста болған адамдар оқшауланып, олардан коронавирус сынамалары алынған.
– 13-17 наурызда Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған. Эпидемияға қарсы барлық жұмыс жүргізіліп жатыр. Ақмола облысында коронавирустан алғашқы өлім тіркелді, – деді ол.
Сүлен Ілиясов коронавирустан көз жұмған әйелдің жақындарына көңіл айтты.
Еске сала кетейік, кеше ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирус індетінен бір науқас қайтыс болғанғанын хабарлаған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір