• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:56:18
+35°

Бүгін, 28 наурызда Алматы облысында үш адамнан коронавирус табылып, облыстағы індет жұқтырғандар саны төрт адамға жетті.  Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, вирус табылған үш адам да әйел, біреуінің аяғы ауыр. 

"Біріншісі – 1957 жылы туған əйел. Ол Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан. Коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Екіншісі – Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған әйел адам. 20 наурызда Оңтүстік Кореяның Ие Чоу қаласынан Алматыға ұшып келген. Ал үшіншісі – 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Ол жүктіліктің 21-22 аптасында. Қазір үш адам да Қарасай аудандық инфекциялық ауруханада ем алып жатыр" делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы облысында 34 жастағы ер адамнан вирус табылған болатын. Ол Сауд Арабиясынан Түркия арқылы Бішкекке ұшып келген. Кейін таксимен Алматыға жеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір