Қызылордада коронавирус табылған адам Оңтүстік Кореядан 1 наурызда ұшып келген. Ол Қызылордаға келген соң 14 күн ауруханада карантинде жатып, кейін вирус табылмаған соң үйіне шығарылған. Бұл ақпаратты "Хабар 24" арнасы хабарлады.
Арна таратқан ақпаратқа қарағанда, 1955 жылғы әйел адам Кореяда іссапарда болған. Карантиннен үйіне шығарылған. Жақында оның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригада тобын шақырған. Тестен өткеннен кейін диагнозы расталған. Қазір облыстық инфекциялық ауруханада жатыр.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір науқаспен байланыста болған 30-ға жуық адам анықталған.
Пікір қалдыру