28 Наурыз, 2020 NEWS

"БІЗ БІРГЕМІЗ!" акциясына демалыстағы дәрігерлер де қосылды

Әлеуметтік желіге "Ел аман" емханасының ұжымы "мемлекеттік емдеу орталықтарына кез келген сәтте көмекке келеміз!" деп үндеу жариялады

Емхана дәрігері Дастан Рызбай мемлекеттік ауруханаларға мамандардың көмегі қажет болса, кез келген уақытта жәрдемдесуге әзір екенін айтты.

– Дәрігер дегеніңіз дерт тарап жатқан жерге алдымен жететін жауынгер жойғыш топ іспеттес. Еліміз вируспен соғысып жатыр десек, оны жеңу дәрігер қосынымыздың жігеріне, күш-қуатына және жауынгерлік рухына да байланысты. Біз, "Ел аман" жеке емханасының дәрігерлері мемлекеттік ауруханаларға кез келген сәтте көмекке келуге дайынбыз, –  деді ол.

Дәрігердің айтуынша, бейнероликті көрген өзге жеке емханалардың мамандары да қажетті жағдай туса, көмекке дайын екенін мәлім еткен.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір