• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:52:39
Алматы
+35°

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, белгілі ақын, «Ақиқат» журналының Бас редакторы Аманхан Әлімұлы қайтыс болды. 

Ол 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген.

1975 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы бітіреді. Оқуды бітіргеннен соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті.

1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті.

Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері болған. Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен,  «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған.

«Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу» секілді бірнеше публицистикалық және өлеңдер жинағы шыққан. «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шыққан.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Аманхан Әлім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір