Уайс Ерсайынұлы атты фейсбук қолданушысы өз парақшасында 2011 жылы "сопылар ісі" бойынша "экстремизмді насихаттады" деген айыппен сотталып, түрмеде он жылдай отырып, былтыр босап шыққан сопы Исматулла Мақсұмның даусы делінген аудиожазба жариялады.

Исматулла Мақсұм үндеуінде дін жолындағы өзінің қызметіне тоқтала келе "коронавирус – бүкіл дүние оянсын деген мақсатмен құдайдың берген сынағы, оның жалғыз ғана емі зікір салу" екенін айтады.

Қазақстан президентінен ел бойынша зікір салатын орындардың, медреселердің ашылуын сұраған зікірші "сонда ғана құдайдың қаһарынан құтыламыз" деп санайды.

Ол Тоқаевқа айтқанын тыңдауды, тыңдамаса, әскер жіберіп, өзін атып тастаса болатынын жеткізген.

Фейсбук қолданушысы үндеу whatsapp мессенджері арқылы келгенін айтады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір