31 наурыздан бастап Жамбыл облысында жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы өңір әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Транзиттік көлік құралдары мен азық-түлік тиелген автөкөліктен басқа, көліктің барлық түріне және азаматтарға Жамбыл облысы мен Тараз қаласының аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады.

"Ірі сауда орталықтарының қызметі тоқтатылады. Бөлшек сауда азық-түлік базарлары міндетті түрде санитарлық-дезинфекция режимін сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді", - делінген хабарламада.   

Көтерме сауда дүкендері мен базарлар, супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, үйдің жанындағы дүкендер мен дәріханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Қоғамдық тамақтану нысандары жеткізіп беру қызметіне ауысады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір