• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 23:30:14
Алматы
+12°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте орта білім деңгейінде қашықтан оқыту 4 бағыт бойынша жүргізілетінін айтты.

Интернет желісі жоқ әрі таралуы нашар елдімекендер үшін сабақ теледидар арқылы жүреді. Бүгінде Балапан және Еларна телеарналарымен келісім жасалған. Күніне 8 сағат бойы тиісті сабақтар осы арналар арқылы көрсетіледі.

Министрдің айтуынша, 4-тоқсандағы оқу бағдарламасын қамту үшін 3360 сабақ түсірілуі қажет. Қазіргі сәтте оның 300-ден астамы түсірілген. Аймағамбетов ұстаздар тележүргізуші рөліне еніп, сабақты 10-15 миниутқа сыйғызып, мазмұнды етіп қысқарту үшін үлкен еңбек етіп жатқанын атап өтті.

Қашықтан оқытудың келесі бағыты ретінде радио таңдалған. Теледидар сигналы жетпейтін жерлерде сабақ Қазақ радиосы арқылы жүргізіледі.

Үшінші бағыт почта арқылы, төртінші бағыт интернет арқылы онлайн түрде жүргізіледі.

Министр интернет арқылы оқыту бойынша онлайн платформалар дайын екенін, ол бойынша пысықтау жұмыстары жүріп жатқанын айтса, почта арқылы оқыту түріне тоқталған жоқ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қашықтан оқыту

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір