• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:12:37
Алматы
+12°

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орта білім деңгейінде қашықтан оқыту барысында туып жатқан компьютер тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты.

Министрлік мәселені 2 жолмен шешпек. Алғашқысы бойынша мектептердің балансындағы компьютерлер арнайы акт негізінде оқушыларға уақытша пайдалануға беріледі. Бұл жұмыстар бүгінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында белсенді жүріп жатыр. Алматы қаласында 10 мыңнан астам компьютер таратылып үлгерген.

Мәселені шешудің екінші жолы – компьютерлер мен планшеттер сатып алу. Министр компьютер мен планшетті қосқанда 80 мың құрылғы сатып алынатынын айтты.

Компьютері жоқ ұстаздар мәселесі бойынша "тиісті жұмыстар атқарылып жатыр" деген министр нақты нендей жұмыс екенін ашып айтпады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қашықтан оқыту

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір