• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:48:43
Алматы
+35°

Әлем бойынша 35 компания мен академиялық институт коронавирус вакцинасын жасап шығаруға жарысуда. Олардың ішінде кемінде төртеуі вакцинаны жануарларға сынақтан өткізіп үлгерген, деп жазады theguardian.com.

Оның алғашқысы – Бостондағы Moderna биотехнологиялық фирмасы адамзатқа жақын уақытта қолдануға болатын вакциналарды дайындайтынын мәлім етті.

Ғалымдар болашақта коронавирустар тобына жататын вирустар әлемге қауіп төндіруі мүмкін деп санайды.

Коронавирустар салдарынан қазірге дейін әлемде екі эпидемия таралған. Олар 2002-2004 жылдары Қытайда таралған САРС және 2012 жылы Сауд Арабиясында басталған МЕРС. Бұл – екеуі де коронавирустар тобы тудырған жұқпалы індеттер.

Мэриленд штатында орналасқан «Новавакс» компаниясы да көктемде адамдарға тест жасайтынын айтқан.

Пандемия денсаулық сақтау жүйесі әлсіз немесе жеткілікті қаржыландырылмаған елдерде ауыр тиуі мүмкін. Өйткені мемлекеттің вакцинаға мұқтаждығы мен сатып алу қабілетінің арасындағы баланс оларға өте үлкен қиыншылық әкелуі мүмкін. 

Мысалы, 2009 жылғы H1N1 тұмауы пандемиясы кезінде, вакцинаны сатып алауға қауқарлы елдер пандемияны тез жеңді де, ал қаржылық қиындықтағы елдерде вакцина жетіспеушілігі туындады.

Сонымен қатар, мынадай сценарийді болжауға да болады: дамушы әлемге вакциналардың негізгі жеткізушісі – Үндістан, Қытай сияқты елдер вакцинаны алдымен өзінің 1,3 миллиард халқын қорғау үшін пайдаланады, сосын ғана вакцина экспортын ойластырады.

Ғалымдардың айтуынша, пандемияның таралуы шегіне жеткенде немесе азая бастағанда ғана вакцина жасалып шығуы мүмкін. Сондай-ақ бұл пандемия тұмау сияқты қайтадан пайда болатын эпидемия болуы ықтимал. Ондай жағдайда вакцинаның маңызы тіпті күшейе түседі. Көп адамдардың өмірін құтқарып қалады.

Талғар Дәлелғазы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус вакцина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір