• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:14:10
+35°

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан фактілердің жалғасып жатқанын  айтты. Бұл туралы Кazinform хабарлады.

– Фейк жаңалық авторлары нақты елдімекендер мен медициналық ұйымдардың атын жазып, ауру жұқтырып, қайтыс болғандардың санын ойлап табады және жоқ тыйымдарды айтады. 25 наурыз күні Көкшетау қаласында Кореядан ауру жұқтырып келген науқастардың Ақмола облысында жатқаны туралы жалған хабар таратқан топ ұсталды, – деді министр.

29 наурызда Атырау облысында әлеуметтік желіде таралған 3 жалған ақпарат табылды.

– Жалған әңгімелерді тарату арқылы бұл адамдар халықты үрейлендіріп жүр. Қазіргі уақытта жалған хабар тарату бойынша 45 факті анықталды. Барлық кінәлілер табылып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – деді Е. Тұрғымбаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір