Президент 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырды.
– Бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі, – деді президент мәлімдемесінде.
Президент сондай-ақ зейнатақы, мемлекеттік жәрдемақыға 10 пайыз қосылатынын айтты.
Тағы оқыңыз!
♦ "42500 теңге". Әлеуметтік төлемге өтінім беруді үйреніңіз (видео)
Пікір қалдыру