"Мемлекет қиын кезде банктерге көмек көрсетті, енді банктер халықты қолдауы керек"

/image/2020/03/31/crop-208_19_938x1251_162652883100.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телеарланардан жасаған мәлімдемесінде екінші деңгейлі банктерді конструктивизмге, азаматтық жауапкершілікке шақырды.

– Қазір кәсіпкерлердің көбі төтенше жағдай уақытында несиеге пайыз қоспауды сұрайды. Бұлай болса, банктердің өзі де шығынға батады. Банктер де – біздің экономиканың ажырамас бір бөлігі. Сол себепті мен тағы да екінші деңгейлі банктерді конструктивизмге, азаматтық жауапкершілікке шақырамын. Банктер қиын жағдайға тап болғанда мемлекет оларға айтарлықтай көмек көрсетті. Ал қазір сіздерден халыққа және отандық бизнеске қолдау керек болып тұр, – деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз!

♦ Тоқаев: Зейнатақы, мемлекеттік жәрдемақыға 10 пайыз қосылады

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар