• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:44:04
Алматы
+35°

Полиция қызметкері Абай даңғылының бойында автокөлікті тексеріп жатыр

Алматыда карантин режимі күшейтілгелі полиция қызметі бұрынғыдан да қауырт жұмыс тәртібіне көшкен. Бүгінде 1500-ге жуық полиция мен әскери қызметші қаладағы шектеулердің сақталуын қадағалауда.

Полиция көшеде бейсауыт жүрген азаматтар мен көліктердің әрқайсысын тексеріп, жүруге рұхсаты бар-жоғын анықтап жатыр. Рұхсатсыз жүрген азаматтарға ескерту жасалып, келесіде әкімшілік құқық бұзушылық тәртібі бойынша шара қолданылатынын түсіндіруде.

Қамшы тілшісіне пікір білдірген патрульдік полиция қызметкері қоғамдық тәртіппен қатар халық арасында түсіндіру және кеңес беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

– Азаматтар арасында қоғамға төніп тұрған қауіпті әлі де ескермей, түрлі мәселелерді сылтауратып қажетсіз сыртқа шығатындар, осылайша төтенше жағдай және карантин ережелерін елемейтіндер бар, – дейді Абай даңғылында кезекшілікте тұрған полиция қызметкері.

Әзірге мұндай азаматтарға ескерту жасалуда. Тәртіп бұзушылық қайталанса, заң талабына сай нақты шара қолданылады.

Бүгінгі күннің нәтижесінде ішкі посттардағы түсіндіру жұмыстары аясында екі мың автокөлік жүргізушісі мен 350-ге жуық азаматпен әңгіме жүргізілген.

Қамшы тілшісілері қаладағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз етіп жатқан полиция қызметкерлерінің жұмысынан алдағы уақытта да репортаж береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір